Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Құстар
Көрнекі фото: pixabay.com

2 тамызда, бүгін Алматы мен Шымкентте күн ашық әрі ыстық болады. Ал елордада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Алматыда күн ыстық болады. Сынап бағаналары 31-33 градусты көрсетеді. Оңтүстік астанада жауын-шашын жаумайды, желдің күші 3-8 м/с дейін жетеді.

Елордада жааңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Шаһарда ауа температурасы 22-24 градус арасында жылы болады. Одан бөлек Нұр-Сұлтанда жел күшейіп, екпіні 9-14 м/с жетеді деп күтілуде.

Шымкентте күн райы 34-36 градусқа дейін ысиды деп болжануда. Синоптиктердің дерегінше, қалада жауын-шашын жаумайды. Дегенмен жел соғып, күші 9-14 м/с жетуі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981248-bugin-elimizdin-us-iri-qalasynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel