Екібастұзда жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты
Опубликовано:

Павлодар облысы Екібастұз қаласында жол апаты болып, салдарынан көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, жол-көлік оқиғасы Мәмһүр Жүсіп - Сұлтанмахмұт Торайғыров көшелерінің қиылысында орын алған.
Белгілі болғандай, 31 шілде күні сағат 20.30-да ВАЗ-21099 және Hyundai Tucson маркалы автокөліктер соқтығысты.
"Салдарынан ВАЗ-21099 көлігінің 29 жастағы жүргізушісі алған жарақатынан ауруханада көз жұмды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта автокөліктер айып тұрағына қойылып, тексеру жүргізілуде.
Аталған фактіге қатысты сараптама тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981340-ekibastuzda-zol-apatynan-kolik-zurgizusisi-qaza-tapty/