Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда тұрғын үйдің бірінде лифт құлады: Зардап шеккендер бар

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Елордада Алматы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде лифт құлады, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл ақпаратты Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті растап отыр.

Ведомство мәліметінше, кеше, 1 ақпанда сағат 10:45-те елордалық құтқарушылар Дина көшесі бойындағы 31 мекенжайында орналасқан тұрғын үйде лифтінің құлағаны туралы хабарлама бойынша оқиға орнына шыққан.

Олар лифтінің үшінші қабаттан бірінші қабатқа құлағаны анықтады.

"Құтқарушылар келгенге дейін зардап шеккен екі адам өз бетінше лифтіден шыққан. Зардап шегушілерді медициналық қызмет мамандары тексерді, жағдайлары қанағаттанарлық", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981425-nur-sultanda-turgyn-uidin-birinde-lift-qulady-zardap-sekkender-bar/

pixel