Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да ер адам зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлап кетті деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Зейнеткердің сейфінен ер адам 3,5 млн теңге ұрлады
Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында қонаққа барған ер адам зейнеткердің сейфінен 3,5 млн теңге ұрлап кетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шілде айының ортасында Глубокое ауданының полиция бөліміне 72 жастағы Предгорное ауылының тұрғыны жүгінеді.

Танысын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған зейнеткердің айтуынша, оның үйінде қонақта болған ер адам жатын бөлмеде тұрған сейфтің кодтық құлпын бұзып, онда сақталған 3,5 млн теңгені ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 34 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981542-sqo-da-er-adam-zeinetkerdin-seifinen-35-mln-tenge-urlap-ketti-degen-kudikke-ilindi/

pixel