Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада клиенттің көлігін айдап кеткен ТҚКС қызметкерінің үстінен екі қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елордалық полицейлер техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде жұмыс істейтін қызметкерді ұстады. Ол клиенттің көлігін айдап әкетіп, таксист болып, кейін жолаушысын ұрып-соқты деп күдіктелуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полицияның мәліметінше, техникалық қызмет көрсету станциясының біріндегі қызметкер клиенттің автокөлігімен таксист ретінде жұмыс істеп, адам тасымақ болған.

"Hyundai Elantra маркалы автокөлігін станциядан ұрлап айдап шығып, жол бойында дауыстап қол көтерген жолаушыны отырғызып алады. Жүргізуші мен жолаушының әңгімесі өзара жарасып, ақыры олар оны бір бөтелке ішімдікпен атап өтпек болады. Оның соңы дау-дамайға ұласып, жүргізуші ақырында жолаушыға қол көтерген", – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Төбелес салдарынан зардап шегуші жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді. Кейін тәртіп сақшылары күдікті ретінде қаланың 35 жастағы тұрғынын ұстады.

"Техникалық қызмет көрсету станциясының қызметкері ұсталды, автокөлік иесіне қайтарылды. Ұсталған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша – денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру және автокөлікті ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену фактісі бойынша тергеу жүргізілуде", – деп толықтырды ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981598-elordada-klienttin-koligin-aidap-ketken-tqks-qyzmetkerinin-ustinen-eki-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel