Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында мерт болған шекарашы офицердің әйелі күйеуінің өліміне қатысты өз пікірін айтты

Опубликовано:

Шекара қызметінде мерт болған офицер
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Жамбыл облысында шекара қызметінде жүріп мерт болған офицердің жақындары оның қасақана өлтірілгенін айтуда. Олардың сөзінше, Азат Үмбетұлын "Өтеген" заставасын тексеру барысында ескерту жасаған кезде застава бастығы өзге қызметкерлердің көзінше соққыға жыққан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Ерегес басталған, "шық былай" деген, ерегескен, қасындағы балалар ажыратқан. Сөйтіп екінші рет баспалдақтан түсіп бара жатқан кезде артынан келіп ұрған, мойнынан. Қатты затпен, қолмен ұру мүмкін емес. Сөйтіп, биік баспалдақтан қатты құлаған. Содан орнынан сөйлеп тұрып, қайта құлаған, сол жерде", - дейді марқұмның жесірі Ботагөз Ілмағамбет.

Телеарнаның хабарлауынша, жағдайға куә болған әріптестері бірден марқұмның туыстарына айтып бергенімен, қазір айтқан сөздерінен бас тартып отыр. Ал екі жыл бұрын Ақтөбеден Қордайдағы шекара шебіне ауысқан Азат Үмбетұлы медицина бөліміне жетекшілік етіп келген. Артында үш қызы мен аяғы ауыр келіншегі қалды.

Туыстары телеарнаға берген сұхбатында істі әскерилер жылы жауып қояды деп қорқатынын айтқан.

Ал шекара қызметінде марқұмның әйелі айтқан нұсқаны растамаған, не жоққа да шығармаған. Телеарна сауалына ведомство тек тергеу жүріп жатқанын жеткізген.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетейік, 27 шілде күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің офицері Азат Үмбетұлы Қордай аудандық орталық ауруханасында қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Өлімнің алдын ала себебі миға қан кетуімен байланысты.

Аталған факті бойынша Ішкі істер министрлігі оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981656-zambyl-oblysynda-mert-bolgan-sekarasy-oficerdin-aieli-kuieuinin-olimine-qatysty-oz-pikirin-aitty/

pixel