Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ирландия, Польшаға зерттеуге жіберілуі мүмкін": Қарағанды облысынан ат әбзелдеріне толы бірегей қазан табылды

Опубликовано:

қазан
Бірегей қазан. Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Қарағанды археологтары Талды тарихи археологиялық паркінен біздің заманымызға дейінгі 2,5 мың жыл бұрынғы дәуірге жататын бірегей қазан тапты. Жәдігер ат әбзелдеріне толы болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, иілген үш аяқты, мыстан құйылған жәдігер - Орталық Қазақстанда табылған алғашқы қазан.

Ол хан ордасынан 200 метрде қорғандардың ішінде емес, бөлек көмілген. Мамандардың айтуынша, мұндай қазандар көбіне Жетісу өңірінен табылатын. Археологтар бұл сақ дәуірінде орталық пен оңтүстік елі арасында тығыз байланыс болғанының дәлелі екенін айтады.

Қазаннан шыққан топырақ араласқан металдың шіріген бөлігіне әлі ешкім тиісе алмаған. Сыртындағы күйеден де ақпарат алу қажет. Оны зерттеу үшін қазан  радиокөміртекті анализ жасайтын Польша, Литва немесе Ирландияға жіберілуі мүмкін.

"Қазіргі ғылым талаптары жоғары. Бірден бәрін жұлып алмай, рентгенге түсірдік, КТА-дан өткіздік. Кейінгі технологияны пайдаланып, зерттеу жүргізіледі. Мұның ішінен біраз құнды қызық дүние табылады деп есептейміз", - дейді "Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы" КММ директоры Түлкібай Төлеуов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981662-irlandiya-polsaga-zertteuge-ziberilui-mumkin-qaragandy-oblysynan-at-abzelderine-toly-biregei-qazan-tabyldy/

pixel