jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Жетісу облысында көшеде иесіз жүрген бұқа екі зейнеткерге тап берді (видео)

өгіз
Видеодан кадр: Instagram/taldykorgaec_insta

Жетісу облысы Сарыөзек ауылында көшеде иесіз жүрген бұқа екі зейнеткерге шабуыл жасады, бір адам зардап шеккен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға туралы Instagram желісіндегі taldykorganec.insta парақшасы жазды. Онда бұл жайттың кеше болғаны айтылған.

Салдарынан 70 жастағы зейнеткер жарақат алып, жамбас сүйегі сынғандықтан ауруханаға жеткізілгені жазылған.

Оқиғаға қатысты көп ұзамай Кербұлақ ауданының полицейлері пікір білдірді.

Ведомство хабарлағандай, тәртіп сақшылары ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша хаттама толтырған. Сондай-ақ тәртіп сақшылары қазірдің өзінде дәл осы бап бойынша 315 азаматқа айыппұл салғанын атап өтті. Алайда иесіз қалған мал саны азаймай отыр.

Сол себепті енді Кербұлақ ауданы аумағында малды уақытша ұстауға арналған орындар салу жоспарлануда.

Сонымен қатар жазбаға қатысты аудан әкімдігі де пікір білдірген. Әкімшілік өгіз иесімен түсіндірме әңгіме жүргізілгенін ата өтті. Мал иесі 10 АЕК көлемінде айыппұл төлеп, жәбірленушіні емдеуге кеткен шығынды өтейтіні белгілі болды.

Жетісу облысында көшеде иесіз жүрген бұқа екі зейнеткерге тап берді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.