Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында бірнеше сот ғимаратына "жарылғыш зат" қойылды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында полицияға бірнеше сот ғимаратына "жарылғыш зат" қойылды деген хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, Павлодар қаласында сағат 14.53-те Павлодар облыстық сотының электрондық мекенжайына ғимаратқа "жарылғыш зат"қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Осыған ұқсас хабарламалар Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтоғай, Май аудандары мен Аққулы ауданының соттарына да жіберілген.

Оқиға орнына күштік құрылымдар дереу келіп жеткен. Сол жерде саперлер жұмыс істеді. Ғимаратқа тексеру жүргізілді. Барлығы 131 адам эвакуацияланды. Қажетті іс-шаралар өткізілді.

Нәтижесінде жарылғыш құрылғылар табылмаған. Аталған фактілер бойынша Қылмыстық Кодекстің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981725-pavlodar-oblysynda-birnese-sot-gimaratyna-zarylgys-zat-qoiyldy/

pixel