Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Несие алуға мәжбүрлеген": Өскеменде офицер әскери қызметшіге қорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Опубликовано:

сарбаз
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

Өскеменде әскери қызметшінің анасы баласының қорлық көргені туралы айтты, деп хабарлайды Алтайньюс.

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде әйел адамның аудиосы тарады.

Оның сөзінше, рота командирі ұлын несие алуға және үйіне азық-түлік әкеліп тұруға мәжбүрлеген. Бұнымен қоймай өлтіремін деп сес көрсетті, дейді Өскемен тұрғыны.

Әйел ұлы мен рота командирінің арасында болған әңгіменің жазбасын әскери прокуратураға жіберіп, офицерге психологиялық сараптама жүргізуді сұраған.

Ұлттық ұланның "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі бұған қатысты пікір білдірді.

"Аталған факті АЕК-де тіркелген. Әскери полиция және "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы барлық фактілер бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта 5518 әскери бөлімінің әскери қызметшісі лауазымынан шеттетілді. Тексеру қорытындысы бойынша қосымша хабарланатын болады", - деді Ұлттық Ұлан "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981752-nesie-aluga-mazburlegen-oskemende-oficer-askeri-qyzmetsige-qorlyq-korsetti-degen-kudikke-ilindi/

pixel