Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Cұлтан әуежайындағы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Cұлтан әуежайындағы ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары жоспарланған уақыттан бұрын аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары 15 шілдеден 4 тамызға дейін (11:00-ден 18:00-ге дейін) жүргізілді. Негізінде құрылыс 8 тамызда аяқталады деп жоспарланған болатын.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, барлығы 22 мың шаршы метрден астам асфальт-бетоны жөнделген.

"Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешімді әуежай басшылығы осы жылдың ақпан айында қабылдады, содан кейін жұмыс кестесі туралы ақпарат әуе компанияларына уақытылы жіберілді. Авиатасымалдаушылар әуежайдың хабарламасы негізінде ұшу кестесіне өзгерістер енгізді", - деп атап өтті әуежайдың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ әуежай өкілдері ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жөндеу жұмыстары жыл сайын жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981795-nur-cultan-auezaiyndagy-zondeu-zumystary-merziminen-buryn-ayaqtaldy/

pixel