jitsu gif

Алаш қайраткерлеріне бірнеше ескерткіш тұрғызылады

Алаш қайраткерлеріне ескерткіш
Фото: Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстанның екі өңірінде "Алаш" қозғалысының көшбасшылары мен көрнекті қайраткерлерге ескерткіштер орнатылады, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің ресми сайты.

Министрлік хабарлағандай, Қостанай облысының Торғай ауылында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш тұрғызылады. Бұдан бөлек, Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және Жұмат Шанинге бюст орнатылады.

Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия республикалық конкурстың қорытындысы бойынша жобалау жұмыстарын мақұлдаған. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, комиссия тобы мүсіндердің жұмсақ материалдан жасалған толық көлемдегі нұсқасын жан-жақты қарастырады.

Сондай-ақ, комиссия мүшелері Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің идеялық ұсыныстарын бірауыздан қолдаған.

Аталған өңірлерде Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаға, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовқа, Нияз батыр Сайдалы Барқыұлына, ІІ дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагері Жақсыбек Оңшыбаевқа және түрік саясаткері, мемлекет қайраткері Аднан Мендерске арналған ескерткіштерді жобалау жоспарланған.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.