Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анамнан басқа ешкімім жоқ": Алматылық бойжеткен ауыр дертке шалдыққан анасына жанұшыра көмек сұрады

Опубликовано:

Назигүл Сәдуақасова ауыр дертке шалдықты
Назигүл Сәдуақасова. Фото: Instagram/pomoch_nazigul

Алматылық Назигүл Сәдуақасованың отбасы аяқ астынан ауыр дертке душар болды. 30 жылдан бері балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеген отанасы сирек кездесетін сырқатқа ұшырады. Бұл жағдай оның жалғыз қызы Аяулымға ауыр соғуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Назигүл өмір бойы балабақшада жұмыс істеп, жүздеген балақайлардың үлкен өмірге қадам басуына себепкер болған. Жайдары, ақжарқын келіншектің өмірі былтырдан бері басқа арнаға бұрылды. Бүгінде ол өзі жүріп-тұрып, толыққанды өмір сүру үшін күресіп жатыр.

"Анамның дерті білдірмей басталды. Алдымен сол қолынан әл кетіп, көтере алмай қалды. Біз жаман ойға бармай, дәрігерге қаралсақ кетеді деп жүрдік. Содан соң, анамның оң қолы істемей қалды. Бұл біз үшін үлкен қауіп барын білдіргендей еді. Бірде анам бар денесімен жерге құлап, тұра алмайтын халге жетті. Осы кезде анам да, туыстарымыз да бұл сырқаттың ауыр екенін түсініп, неврологиялық орталыққа көріндік.

Наурыз айында анама қойылған диагноз анықталды. Оның "бүйірлі амиотрофикалық скелерозбен" ауыратыны белгілі болды. Бұл біздің шағын отбасымыз үшін өте ауыр жаңалық еді. Өйткені Алматыда тек анам екеуіміз тұрамыз. Туыстарымыз анамды қарауға көмектесіп жатыр. Оларға көп рахмет. Десе де Түркияға барып емделу үшін қаражат мүлде жеткілісіз. Менің анамнан басқа ешбір жақыным жоқ, ешкімім жоқ. Көмектесіңіздерші", - дейді Аяулым Жомартқызы.

Бүгінде Аяулым бар жұмысын тастап, анасын бағып отыр. Себебі өздігінен оның жүріп-тұруы, киініп-шешінуі қиын.

Назигүлдің еміне он миллион теңге қаражат керек. Қазіргі таңда жиналған қаражат тек тексеруден өтуге ғана жетеді.

Аяулым бүгінге дейін бар жиған ақшасына Түркияға билет алып қойған. Бірақ емделу үшін ақша мүлде жетпейді.

Осы орайда, жалғызбасты анаға көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Gold

+ 7 777 276 83 83

4400 4301 8591 9153 Назигуль С.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981872-anamnan-basqa-eskimim-zoq-almatylyq-boizetken-auyr-dertke-saldyqqan-anasyna-zanusyra-komek-surady/

pixel