Жаңбыр, бұршақ, 37 градус ыстық: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері елдің батысы мен солтүстік-батысында күн райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстанның өзге өңірлерінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.
Ал орталықта, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, жел соғуы ықтимал.
Алдағы күндері:
- батыста +30 +37°С;
- оңтүстік-батыста +27 +37°С;
- солтүстік-батыста +27 +35°С;
- солтүстік пен шығыста +22 +30°С;
- орталықта +20 +28°С;
- оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35°С;
- ал таулы аймақтарда +25°С жылы болады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981953-zanbyr-bursaq-37-gradus-ystyq-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/