jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр, бұршақ, 37 градус ыстық: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Жаз мезгілі
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері елдің батысы мен солтүстік-батысында күн райы жауын-шашынсыз болады.

Қазақстанның өзге өңірлерінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.

Ал орталықта, солтүстікте, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр мен бұршақ жауып, жел соғуы ықтимал.

Алдағы күндері:

  • батыста +30 +37°С;
  • оңтүстік-батыста +27 +37°С;
  • солтүстік-батыста +27 +35°С;
  • солтүстік пен шығыста +22 +30°С;
  • орталықта +20 +28°С;
  • оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35°С;
  • ал таулы аймақтарда +25°С жылы болады деп күтілуде.
Жаңбыр, бұршақ, 37 градус ыстық: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.