Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада әлеуметтік қызметкерлер мүгедектердің зейнетақысын құмар ойынға салып жіберген

Опубликовано:

Әлеуметтік қызметкерлер мүгедектердің қаржысын жұмсаған
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қызылордада әлеуметтік қызметкерлер ақыл-есінде ауытқушылығы бар азаматтардың жәрдемақысын құмар ойынға жұмсаған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, олар бір жыл бойы мүмкіндігі шектеулі жандардың зейнетақысын өздерінің есепшоттарына аударып отырған.

Қазір арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының 6 қызметкері 4 млн теңгені алаяқтық жолмен қалтаға басты деп айыпталып отыр.

"Қызмет алушылардың жеке деректерін қолдану жолымен онлайн шот ашып, ұялы телефон арқылы арнайы шоттағы қаржыны банк карточкілеріне аударып отырған. Бүгінгі күні облыстық прокуратураның аталған дерек ҚР 190-бабының 3-бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қызылорда қаласының полиция басқармасына тапсырылды", - дейді Қызылорда облыстық прокуратурасының өкілі Әділжан Сыздықов.

М. Тоқтасынқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982020-qyzylordada-aleumettik-qyzmetkerler-mugedekterdin-zeinetaqysyn-qumar-oiynga-salyp-zibergen/

pixel