Жамбыл облысында тұрғыннан 8 келі марихуана табылды
Опубликовано:

Жамбыл облысының тұрғынынан 8 келі марихуана табылды. Есірткі заты "Қарасора-2022" жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықталған, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.
Жамбыл облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы жасақпен бірлесіп, Шу ауданының аумағындағы жедел ақпаратты іске асыру мақсатында Тасөткел ауылынан 5 шақырым қашықтықтағы Меркі ауылының тұрғынын ұстады.
35 жастағы азаматты тінту кезінде 8 келі 190 гр марихуана "канабис өсімдігі" есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, тиісті сараптамалық қорытынды тағайындалды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
"Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады", – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Қойтөриев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982046-zambyl-oblysynda-turgynnan-8-keli-marixuana-tabyldy/