Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

1600-ден астам теміржолшы марапатталды

Опубликовано:

Теміржолшылар марапатталды
Фото: ҚТЖ

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев теміржолшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, үздік қызметкерлерге марапаттар табыс етті.

Көлік қызметкерлері күнін мерекелеу "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының 25 жылдығы жылында өтуде. Компания өзінің мерейтойлық датасына жақсы көрсеткіштермен келді.

Пайдалану жүк айналымы тарихи максимумға – 239,3 млрд. т-км дейін өсті. Транзиттік тасымалдар көлемі 1 млн. ЖФЭ-ден асты. Ұзақ жылдар ішінде алғаш рет Компания 2021 жылдың қорытындысы бойынша таза пайда тауып, соның есебінен өндірістік персонал жалақысы едәуір артты.

Теміржолшылардың елеулі жетістіктерін атай отырып, ҚТЖ басшысы міндеттерді табысты шешудің кепілі – әрбір қызметкердің өз ісіне жауапкершілікпен қарауы екенін атап көрсетті. Ең жақсы кәсіби және адами қасиеттерді көрсеткен сала қызметкерлері Компанияның мақтанышы болып табылады.

Адал еңбегі мен көлік кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін 81 қызметкер «Құрметті теміржолшы» жоғары салалық белгісімен марапатталды. Олардың арасында әртүрлі темір жол мамандықтарының иелері: локомотив машинистері, жол монтерлері, пойыз құрастырушылар, диспетчерлер, электр механиктері, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушылар, вагондарды қараушылар және т. б. бар.

"Адал еңбегі үшін" төсбелгісімен 265 қызметкер марапатталды. "Кәсібі бойынша үздік" және "Үздік маман" атақтарын 290-нан астам адам алды.

Сондай-ақ, компанияның бірқатар қызметкерлері "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшылығының құрмет грамоталары және алғыс хаттарына ие болды.

Марапаттарға ақшалай төлемдер жасалса, олардың мөлшері өткен жылы екі есеге артты. Кәсіби мерекеге орай барлығы 1684 қызметкер көтермелеумен атап өтілді.

Сонымен қатар, компанияның барлық қызметкерлеріне біржолғы сыйлықақы төленді.

Бүгінде "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982076-1600-den-astam-temirzolsy-marapattaldy/

pixel