Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүйсенбіде еліміздің мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Нұр-Сұлтан мен Алматыда бүгін, 8 тамызда жаңбыр жауады. Ал Шымкентте күн ашық әрі ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бүгін Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің бас қаласында сынап бағаналары 24-26 градус жылыны көрсетеді. Сондай-ақ шаһарда жел күшейіп, екпіні 9-14 м/с жетеді.

Алматыда да бүгін күн жаңбырлы болып, найзағай ойнауы мүмкін. Дегенмен ауа температурасы 31-33 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда. Оңтүстік астанада соққан желдің күші 3-8 м/с, ал найзағай кезінде екпіні 12 м/с дейін жетуі ықтимал.

Шымкент қаласында 8 тамызда күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Мұнда сынап бағаналары 33-35 градус ыстықты көрсетеді. Алайда мегаполисте жел 9-14 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982133-duisenbide-elimizdin-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel