Алдағы күндері елімізде күн райы қандай болады: Синоптиктер болжам ұсынды
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 9-11 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәулікте еліміздің батыс жартысында күн райы құрғақ әрі шуақты болмақ.
Ал солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын түсуі мүмкін. Атап айтқанда, күн күркіреп, бұршақ жауып, қатты жел тұрады деп күтілуде.
Жалпы алғанда, мамандар алдағы күндері батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +27 +35°С, солтүстікте +18 +25°С, орталықта +17 +28°С, шығыста +18 +30°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33°С шегінде, таулы аудандарда 13 +20°С градус жылы болады деп болжап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982174-aldagy-kunderi-elimizde-kun-raiy-qandai-bolady-sinoptikter-bolzam-usyndy/