Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық полицей жол ережесін бұзған мопед жүргізушісін жаяу қуып жетті (видео)

Опубликовано:

Алматы
Полицей мен мопед жүргізушісі. Видеодан кадр: Instagram/22_aza22

Желіде жол ережесін бұзған мопед жүргізушісінің соңынан көлігін тастап, жаяу қуған полицейдің видеосы қызу талқылануда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеодан жол ережесін бұзғаны үшін полициядан қашпақ болып, жол жиегіне шығып кеткен мопед жүргізушісін байқауға болады. Оны ұстау үшін полиция қызметкеріне қызметтік көлігін қалдырып, жаяу қууға тура келген. Бірнеше секундтан кейін тәртіп сақшылары мопед жүргізушісін қуып жетіп, көлікті тоқтатуға мәжбүрлейді.

Бұл оқиғаға қатысты NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл құқықбұзушылық Алматы қаласы Түрксіб ауданы, Бұқтырма көшесінің бойында анықталған.

Арнайы батальонның экипажы жол қозғалысы ережесін бұзған мопед жүргізушісін байқаған. Тоқтау туралы талапқа бағынбай, жолда полицейлерден жасырынбақ болған оны тәртіп сақшылары ақыры ұстаған.

"Оған қатысты ӘҚБтК-нің 615-бабында көзделген құқық бұзушылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982197-almatylyq-policei-zol-erezesin-buzgan-moped-zurgizusisin-zayau-quyp-zetti-video/

pixel