Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери ұшу институтында Талғат Бигелдиновтың ғасырлық мерейтойы аталып өтті

Опубликовано:

Әскери ұшу институтында Талғат Бигелдиновтың ғасырлық  мерейтойы аталып өтті
Фото: ӘҚК ӘИ Баспасөз қызметі

Әуе қорғанысы күштері Әскери институтында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, аты аңызға айналған ұшқыш-шабуылдаушы авиация генерал-майоры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына арналған іс-шара өтті.

Аты аңызға айналған ұшқыштың бюстіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алған салтанатты шараға әскери оқу орнының қолбасшылығы, курсанттар, Қарулы күштердің ардагерлері мен қала әкімшілігінің өкілдері қатысты.

Дәурен Қосанов
Фото: ӘҚК ӘИ Баспасөз қызметі
"Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың тағдыры – қайтпас қайсарлықтың, бытылдықтың, кәсібилік пен Отанға деген махаббаттың үлгісі. Сұрапыл соғыс жылдарында ол Ил-2 ұшағында 305 жауынгерлік ұшуды жүзеге асырған. Бұл дегеніміз әуеде өткізген 500 сағат. Ерлігі үшін Ленин, Қызыл Ту, Александр Невский, Қызыл жұлдыз, ІІІ дәрежелі Даңқ, І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендерімен наградталып, екі мәрте Кеңес Одағының батыры атағын алған", – деді өз сөзінде институт басшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов.
Әскери ұшу институтында Талғат Бигелдиновтың ғасырлық мерейтойы аталып өтті
Фото: ӘҚК ӘИ Баспасөз қызметі

Қазақ халқының даңқты ұлы, Ұлы Отан соғысының ардагерінің туған күнінде әскери ЖОО аумағында мұражай ашылды. Ол жерде Бигелдиновтар отбасының жеке мұрағатынан алынған сирек кездесетін фотосуреттер және Талғат Бигелдиновтың өмірі мен қызметі туралы баяндайтын басқа да экспонаттар ұсынылған. Әуе қорғанысы күштері Әскери институты басшылығының пікірінше, мұражай ақтөбеліктер мен Орталық Азиядағы жалғыз әскери ұшу институтының курсанттарын тәрбиелеуде жақсы демеу болады.

Әскери ұшу институтында Талғат Бигелдиновтың ғасырлық  мерейтойы аталып өтті
Фото: ӘҚК ӘИ Баспасөз қызметі

Дәл сол күні Ақтөбе облысы әкімі аппаратының қолдауымен Ғазиза Жұбанова атындағы "Өнер орталығы" облыстық филармониясында қала тұрғындары мен қонақтары үшін Әскери институт пен Ақтөбе гарнизонының көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Әскери ұшу институтында Талғат Бигелдиновтың ғасырлық  мерейтойы аталып өтті
Фото: ӘҚК ӘИ Баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982202-askeri-usu-institutynda-talgat-bigeldinovtyn-gasyrlyq-mereitoiy-atalyp-otti/

pixel