Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде сүйіктісінің анасын өлтірді деп күдіктелген студент ғашығынан айырмауды сұрады

Опубликовано:

сот
Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде сүйген қызының анасын өлтірді деп күдіктелген студент сотта соңғы сөзін айтты. Айыпталушы судьядан ғашығынан айырмауды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатқан 18 жастағы жігіттің ісі бойынша сот отырысы аяқталуға жақын. Күдікті мен оның сыбайласы ретінде ұсталған 16 жастағы оқушыға "Адам өлтіру" бабы бойынша айып тағылып отыр. 

Айыпталушы студент сот отырысындағы соңғы сөзінде мектепті үздік бітіргенін тілге тиек етіп, ғашығымен некелескісі келетінін жеткізді.

"Біз қасақана қылмыс жасағымыз келген жоқ. Бұны ақылдасып жасамадық. Тек оның анасынан жыраққа кетіп, бірге болғымыз келді. Өзім шешесін ата-ана құқығынан айыру туралы да ойлаған едім.  Осылай болды…

Өзім туралы айтсам, Көкшетау қаласында өмірге келдім. Мектепті үздік бітірдім. Ата-анамнан тәрбие алдым. Олар қиын күндер болса да, қуануды үйретті. Құрметті сот, Конституцияда 16 жасқа толған балаға ата-анасының рұқсатымен отбасы құруға болады делінген. Қыздың анасы қаза тапса да, оның өкілдерінен отбасы құруға рұқсат сұраймын. Мен оны қамқорлығыма алғым келеді", - деді айыпталушы студент. 

Мемлекеттік айыптаушы сүйіктісінің анасын өлтірді деп күдікке ілінген студентті 18 жылға, ал оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін деп күдіктеліп отырған оқушы қызды 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Қайғылы оқиғаға қатысты сот үкімі әлі шыққан жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982258-aqtobede-suiiktisinin-anasyn-oltirdi-dep-kudiktelgen-student-gasygynan-aiyrmaudy-surady/

pixel