Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте құтқарушылар өз пәтерінде уланып қала жаздаған ана мен баланы аман алып қалды

Опубликовано:

қызыл жалын
Видеодан кадр: Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаменті

Шымкентте өрт сөндірушілер ана мен баланы уланудан құтқарып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі мегаполистің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер 1979 жылғы әйелді және оның 3 жасар баласын қауіпсіз жерге шығарған.

Алдын ала болжам бойынша, әйел адам алкогольдік сусын тұтынып, ұйықтап қалған.

"Баланың жылаған дауысын естіген көршілер есігін қаққан. Ешкім жауап бермеген соң өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалған", - дейді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.

Оқиға Еңбекші ауданындағы 17-шағын ауданда орналасқан көпқабатты үйде болған.

Өрт сөндірушілер үшінші қабаттағы пәтерге арнайы саты арқылы кіргенін жеткізді. Белгілі болғандай, ас бөлмедегі газ плита сөндірілмей қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982264-symkentte-qutqarusylar-oz-paterinde-ulanyp-qala-zazdagan-ana-men-balany-aman-alyp-qaldy/

pixel