Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген көкшетаулыққа сот үкімі шықты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген Көкшетау қаласының 52 жастағы тұрғыны 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл ақпаратты Ақмола облыстық полиция департаменті ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыс ақпан айында Көкшетау қаласында болған.

Алкогольдік сусын тұтынған ер адам белгісіз біреумен телефон арқылы сөйлескені үшін жұбайына пышақ салған. Салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды. Кейінірек оның бұндай әрекетке қызғаныштан барғаны белгілі болды.

Олардың кәмелет жасқа толмаған балалары қалды.

"Ер адам қылмысын мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сондай-ақ, күдіктінің кінәсі сот сараптамасы арқылы дәлелденді.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, қатаң режимдегі колонияға тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұдан бөлек сотталушы зардап шеккен тарапқа 5 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттелді", - деді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982327-qyzganystan-aielin-pysaqtap-oltirgen-koksetaulyqqa-sot-ukimi-syqty/

pixel