Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ару әскерде қысым көргенін айтты: Министрлік пікір білдірді

Опубликовано:

Сарбаз
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстандық ару Қарулы Күштер қатарынан заңсыз шығарылғанын, командирлер тарапынан қысым көргенін айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Бұған қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның жазбасы Facebook әлеуметтік желісіндегі "НеМолчиKZ" тобында жарияланды.

Қазақстандық арудың айтуынша, ол әскери қызметті 2019 жылдың желтоқсанында бастаған. Келісімшарт 3 жылға жасалыпты. Алайда сарбазды мерзімінен бұрын - 2022 жылдың мамыр айында жұмыстан шығарған.

"Аттестациядан өтпей қалдым", - деді ару.

Ол батальон командирі борышын өтеуге кедергі келтіргенін айтты.

Сарбаздың сөзінше, қыр соңынан түсіп, қысым көрсеткен батальон командирі үйленген.

"Бетінен қайтарғанымды өте негативті түрде қабылдады. Оған бағынышты офицерлер ештеңені байқамағандай түр танытты. Әскери бөлімнің қолбасшылығы да көздерін жұмып, шара қолданбады", - деді ару.

Ол жағдайды баяндап бөлім басшылығына бірнеше рет жүгінгенін, алайда ешқандай шара қолданылмағанын атап өтті.

"Мен өтініштеріме "Әдемі қызсың, жеке өміріңе араласпаймыз. Мен сенің ағаң, құдаң, апостолың емеспін. Командирді таңдамайды. Сені ешкім әскерге сүйреп алып келген жоқ" деген жауап алдым, - деді ару.

Ол стресстен соң денсаулығы сыр беріп, әскери госпитальге түскен.

Қазақстандық арудың айтуынша, кейінірек батальон командирі басқа бөлімшеге ауыстырылған, ал оның орнына жақын досы келіпті. Осы жағдайдан соң да жәбірлеу, қорлау, қысым көрсету азаймаған. Осылайша, сарбаз әскерден кеткен.

Бұл жағдайға қатысты Қорғаныс министрлігі пікір білдіріп, Қонаев қаласына шұғыл комиссия аттанғанын хабарлады.

"Шұғыл түрде комиссия құрылды. Ол әскери бөлімге барып, болған оқиғаны егжей-тегжейлі зерттеуге кірісті. Сарбаздың әлеуметтік желіде жарияланғандары расталған жағдайда, кінәлілер жұмыстан босатылып, қылмыстық іс қозғалғанға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, тергеу барысы Қорғаныс министрінің жеке бақылауына алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982366-qazaqstandyq-aru-askerde-qysym-korgenin-aitty-ministrlik-pikir-bildirdi/

pixel