Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында газдандыру деңгейін 68 пайызға жеткізу көзделуде

Опубликовано:

газ
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысында тұрғындарды газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алуда.

2022 жылғы 6 айдың қорытындысы бойынша Шиелі ауданындағы Алғабас, Ақмая ауылдарын газдандыру, Тереңөзек кенті мен Қазалы қаласындағы газ құбырын тарту жұмыстары толық аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданындағы екі елді мекенді көгілдір отынға қосу салтанатты шарасында:

"Табиғи газ – тіршілікті жеңілдетіп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға зор мүмкіндік береді. Сондықтан игілікті істің адамзат үшін пайдасы зор".
газ
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Аймақ басшысының тапсырмасы аясында Қызылорда облысындағы елдімекен табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 14 жоба іске асырылмақ. Дәлірек айтқанда, Жаңақорған ауданына қарасты Бірлік және Қыраш ауылдық округтері, Қазалы ауданына қарасты Пірімов, Басықара, Жалаңтөс батыр ауылдарын жыл соңына дейін газдандыру жоспарлануда.

Жыл соңына дейін халықтың 68% табиғи газбен қамтылады деп көзделіп отыр.

Атап айтсақ, Қармақшы ауданындағы Төретам кенті мен Ақай ауылы және Арал ауданындағы Сексеуіл кентін газбен қамтамасыз ету жұмыстары мен Шиелі ауданына қарасты Тартоғай елді-мекенінде АГТС (автоматтандырылған газ тарату стансасы) орнату жобасы бастау алды.

Ал былтыр басталған Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбет елді-мекендерін газдандыру жобасының құрылыс жұмыстары 2023 жылға өтпелі болып саналады.

Еске сала кетсек, өткен жылдың қорытындысы бойынша 3 қала (Қызылорда, Арал, Байқоңыр), 17 ауылдық елді мекен газбен қамтылса, биыл 7 елді мекен көгілдір отын қосылады.

Бұған дейін осы жылдың 1 тамызынан бастап 2023 жылдың 31 шілдесіне дейін аймақтағы газ бағасы 21%-ке арзандағаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982376-qyzylorda-oblysynda-gazdandyru-dengeiin-68-paiyzga-zetkizu-kozdelude/

pixel