Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамдарға өзі жүзіп келген": СҚО-да балық аулайтын ауға оралып қалған аққу құтқарылды

Опубликовано:

Аққу
Көрнекі фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласының маңындағы су қоймасында адамдар балық аулайтын ауға оралған аққуды құтқарды. Құстың өзі көмек іздеп адамдарға жүзіп келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде құсты құтқару сәтінің видеосы пайда болды. Желі қолданушылары аққуға көмектескен адамдарға сүйсініп, пікір қалдырған.

Кадрлардан құстың балық аулайтын торға оралып қалғанын көруге болады. Ау аққудың тіліне, мойны мен аяғына оратылған.

Ер адамдар жіпті мұқият шешіп, құсты босатып алған. Бір қызығы, аққу адамдарға қарсылық көрсетпеген.

"Әлемде мейірімді адамдар бар, алайда балық аулау құралын су қоймасына қалдырып кететін қайырымсыз адамдар да жеткілікті", - деп жазды аталған видеоны көрген желі қолданушыларының бірі.

Tipichka_petro Instagram парақшасы құсты құтқарған адамдардан сұхбат алу үшін видео авторымен хабарласқан, алайда олар бас тартқан.

"Көп рахмет, бірақ журналистердің назарына түскіміз келмейді. Біз танымал адамдар емеспіз, бұл оқиға Мамлюткада тұратын адамдар туралы болсын. Ал аққу туралы алаңдамаңыз. Бір күн құтқарушылармен бірге болып, кейін өз үйіне оралды", - деді құсты құтқару операциясына қатысушылардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982392-sqo-da-balyq-aulaityn-auga-oralyp-qalgan-aqqu-qutqaryldy/

pixel