Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім гранты иегерлерінің тізімі қашан жарияланады

Опубликовано:

жоо1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми Instagram парақшасы хабарлады.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады.

Министрлік биыл халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейтілгенін атап өткен. Яғни көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болған.

Сондай-ақ ауылдан шыққан балалар және азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген.

Айта кетейік, грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, БАҚ, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім берілген. Құжаттарды қабылдау 13-22 шілде аралығында жүзеге асырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982400-bilim-granty-iegerlerinin-tizimi-qasan-zariyalanady/

pixel