Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы "Қалқаман" станциясының құрылысы қашан аяқталатыны белгілі болды

Опубликовано:

Алматы метросы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Санжар Тоғай брифинг барысында "Қалқаман" метро станциясының құрылысы қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әкімнің айтуынша, көпқабатты тұрғын үйлердің қарқынды салынуына байланысты алдағы 5 жылда аудан халқының саны 150 мың адамға артады деп күтілуде.

Осыған байланысты Алатау көшесінің Абай даңғылындағы станциядан бастап, Әшімов көшесінің бұрышынан "Барлық" базары ауданындағы станцияға дейінгі метро трассасы өзгертілген.

"Қазіргі кезде Абай даңғылының бойында Яссауи көшесінен батыс бағытта Әшімов көшесінің қиылысына дейін орналасқан "Қалқаман" станциясының құрылысы басталды.

Оның аяқталу мерзімі - 2025 жыл.

Жалпы, 2026 жылға дейін Наурызбай ауданының аумағында ұзындығы 5,2 шақырым 3 станция салынбақ. Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатыр", - деді Санжар Тоғай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982564-almatyda-qalqaman-stanciyasynyn-qurylysy-qasan-ayaqtalatyny-belgili-boldy/

pixel