Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде "Туған жерді сүю парыз, сүю үшін білу парыз" атты тур ұйымдастырылды

Опубликовано:

шөл
Фото: Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы

8 тамыз күні Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай "Туған жерді сүю парыз, сүю үшін білу парыз" атты қаланың белсенді жастарымен Байғанин ауданының Алтай ауылына қарасты, облыстық мәні бар мәртебеге ие Аққұм құмына саяхат жасалды.

Турға әр түрлі салада қызмет етіп жүрген 40-қа жуық жас пен ерікті қатысты. Шара барысында демеушілер түскі ас ұйымдастырды.

Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы
Фото: Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы

Сонымен қатар естелікке фотосессия жасалды. Жалпы, ел аузында құмының ерекше түсіне орай Аққұм атанған аумақ алыстан көз тартады. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының шекарасына жақын, бір бөлігі Қаратөбеде, екінші бөлігі Шыңғырлауда жатқан осы бір бұйратты өңірді қала жастары тамашалап, ұмытылмас, есте қаларлықтай саяхат жасады.

Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы
Фото: Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы

Аққұм құмы туралы шағын ақпарат беретін болсақ, ұзындығы 60 км, ені 5,7 км. Биіктігі 10 м. Өзеннің бойында орналасқандықтан қолға жұқпайтын таза құм. Маңайында шағырлы, құмсағыз, жусан шөптері өседі. Құмның етегінде Қызылтаң, Қамысқора, Аққұдық, Қарабұйрат, Мұйындықияқ қыстаулары бар. Ауылдықтар мұнда қасқыр, қабан,түлкі, қоян, қосаяқ, күзен көп кездеседі дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982603-aqtobede-tugan-zerdi-suyu-paryz-suyu-usin-bilu-paryz-atty-tur-uiymdastyryldy/

pixel