Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қолын сындырған: Павлодарда лифтіге кірген ер адам күтпеген жағдайға тап болды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Павлодар қаласында төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жүк лифтісінің шахтасында қолын қысып алған павлодарлықты құтқару үшін альпинистік құралдарды қолдануға мәжбүр болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, кеше, 10 тамыз күні сағат 14:32 шамасында 5 қабатты ғимараттың жүк тасымалдайтын лифтісінің шахтасында кабель мен кереует арасында ер адамның оң қолы яғни білегі қысылып қалған.

"Құтқарушылар келген бойда жедел саты қызметінің қызметкерлерімен бірге қажетті құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, кабельді босатып, артық салмақты түсіріп, зардап шегушінің қысылып қалған қолын шығарды", - делінген хабарламада.

Осыдан соң ер азаматты құтқарушылар жедел жәрдемге табыстаған.

Павлодар облысының облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі 27 жастағы ер адамның білек сүйегі сынғанын, ол №1 қалалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982688-qolyn-syndyrgan-pavlodarda-liftige-kirgen-er-adam-kutpegen-zagdaiga-tap-boldy/

pixel