Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда өртке оранған көлікті жүргізушілер шалшық сумен сөндірді (видео)

Опубликовано:

Елордалықтар өртенген көлікті шалшық сумен сөндірді
Видеодан кадр: Qumash Telegram-арнасы

Кеше, 10 тамыз күні Нұр-Сұлтан тұрғындары өзгеше жағдайдың куәгері болды: жол бойында көлік өртеніп, жүргізушілер оны шалшық сумен сөндіруге кірісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Qumash Telegram-арнасы бірнеше ер адамның жолдағы үлкен шалшықтан су алып, көлікті сөндіріп жатқан сәті түсірілген видеоны жариялады. Жазба авторының айтуынша, видео кеше түнде түсірілген.

Естеріңізге сала кетейік, кеше елордада нөсер жаңбыр жауып, соның салдарынан кейбір көшелер су астында қалған болатын. Нұрсұлтандықтар әлеуметтік желіде видео таратып, елорданың "Венецияға айналғанын" жазды.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өртеніп жатқан көлікке қатысты хабар ТЖД пультіне бейсенбіге қараған түні, 11 тамызда сағат 00:28-де түскенін хабарлады. Көлік Жұбанов пен Тархан көшелерінің қиылысында өртенген.

Төтенше жағдай орын алған жерге жеке құрамның 5 адамы мен 1 техникасы жөнелтілді.

"Өрт сөндірушілер келген кезде, алты минуттан кейін көліктің қозғалтқыш бөлігі өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер келгенше өрт сөндірілді", – деп хабарлады ведомстводан.

Алдын ала мәлімет бойынша өртке электр тоғының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982742-nur-sultanda-ortke-orangan-kolikti-zurgizusiler-salsyq-sumen-sondirdi-video/

pixel