Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аса ауыр қылмыс жасағандарды ақтау үкімі 7 есеге артқан

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асанов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, оған еліміздегі сот төрелігінің қазіргі жай-күйі мен сот жүйесіндегі реформалар туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президент алдымен Асановтың елдегі сот төрелігінің жай-күйі туралы есебін тыңдады.

Жақып Асанов қылмыстық процесте ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ақтау үкімдерінің саны 7 есе артқанын жеткізді.

Құқық қорғау органдары қамауға алуға қатысты әрбір бесінші іске санкция ала алмаған. Әрбір үшінші шағым бойынша соттар тергеушілер мен прокурорлардың әрекеттерін заңсыз деп таныған.

Президентке азаматтық даулар бойынша жұмыс тәсілінің өзгергені баяндалды. Соттар әкімдіктермен бірлесіп, дауларды шешудің соттан тыс институттарын дамытып келеді.

Даусыз талап арыздар нотариустарға берілген және арбитраждардың, медиаторлардың, заң консультанттары мен еңбек инспекторларының құзыреттері кеңейтілген. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде сотқа түсетін талап арыздар саны 2,5 есеге, яғни 900 мыңнан 340 мыңға дейін азайған. Соттағы татуласумен аяқталған істер 37 пайызға дейін артты.

Президент жоғарғы сот төрағасын қабылады
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жақып Асанов Фото: Akorda.kz

Биыл 1 тамыздан бастап аумақаралық соттылық енгізілді. Істер автоматты түрде судьялардың мамандануын ескере отырып, бір соттың ішінде емес, бүкіл ел аумағындағы соттардың арасында бөлінеді. Жақып Асановтың айтуынша, бұл – жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс.

Мемлекет басшысы қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот процестерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ сот кадрларын іріктеуді жетілдіруге бағытталған қадамдар қажет екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982758-asa-auyr-qylmys-zasagandardy-aqtau-ukimi-7-esege-artqan/

pixel