Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде халықаралық іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Опубликовано:

ұсталды
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде Ұлттық ұлан қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 10 тамыз күні сағат 21:40 шамасында 6655 әскери бөлімінің қызметкерлері масаң күйде тұрған күдікті азаматты тоқтатып, құжаттарын тексерген. Нәтижесінде ер адамға Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары іздеу жариялағаны анықталады.

Сондай-ақ, күдіктіге елімізде де Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-тармағы (Алдын ала сөз байласу арқылы ұрлық жасау) бойынша іздеу салынғаны белгілі болды.

Ұлттық ұланның хабарлауынша, күдікті дереу Ақтөбе қаласының полиция басқармасына жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982799-aqtobede-xalyqaralyq-izdeude-zurgen-kudikti-ustaldy/

pixel