Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ересектердің қарауынсыз қалған екі балаға ыс тиіп қайтыс болды

Опубликовано:

Балалар ыс тиіп қайтыс болды
Фото: Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысында ересектердің қарауынсыз қалған екі балаға ыс тиіп қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, 11 тамызда Жақсы ауданының Жаңа Қима кентінде екі пәтерлі тұрғын үй түтіндеген. Дәлірек айтқанда, қараусыз қалған 2019 және 2017 жылғы туған екі бала сіріңкемен ойнап, салдарынан жиһаз өртенген. Түтінді көрген көрші терезені сындырып, балаларды таза ауаға шығарып, өрт сөндірушілерді шақырған.

Оқиға орнына Жақсы ауданының 13-ӨСБ жанындағы Жаңа Қима ауылының 28-ӨП өрт сөндіру бөлімінен 3 адам және бір бірлік техника шығып, бес минутта жеткен.

"Түтіннен уланған балалар Қима ауылдық ауруханасына дереу жеткізіліп, медициналық мекемеде естерін жимастан көз жұмды. Қайғылы оқиға кезінде балалардың әкесі жұмыста болғаны, ал анасы аз уақытқа дүкенге кеткені белгілі болды. Өрттің алдын ала себебі – балалардың отпен ойнауы", - деді Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

Осы ретте ведомство ата-аналардан балаларын жалғыз қалдырмауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982801-aqmola-oblysynda/

pixel