Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оңтүстік Кореяға виза беру: Алматыда жеке компания "алаяқтық" жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Алматы телеарнасы
Фото: almaty.t

Бірнеше қазақстандық азамат алаяқтық жасады деп жеке компанияны айыптап отыр. Олардың сөзінше, аталған мекеме Оңтүстік Кореяда жұмыс істеуге арналған виза алуға көмектесетінін айтқан. Алайда уәдесін орындамай, ақшасыз қалдырды, дейді арызданушылар. Бұған қатысты компания пікір білдіріп, кеткен қаржы толық емес көлемде қайтарылатынын жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақшасын қайтара алмай жүргендердің арасында өзге өңірден келгендер де бар, деп жазады Алматы телеарнасы.

"Мамыр айында "Кореяға барамыз" деп осы компанияға келгенбіз. Бұл кісілер 100 пайыз апарамыз деді. Ақшамызды алды. Одан кейін визаны 20 күн күттік. Одан да бас тартты", – деді жәбірленуші Рысбек Қасқарауов.

Ал жәбірленуші Назерке Шыныбекова Оңтүстік Кореяға аттану үшін несие алғанын жасырмады.

"Easy Visa-ны көріп, Кореяға өткіземіз дегенге сендім. Менің досым Кореяда, соған барайын дегенмін. Әрі жұмыс істеу үшін онда барғым келді. Олар 100 пайыз өткізіп береміз деді. 700 мың теңге ақшаңызды берсеңіз болды деді. Несие алып, 700 мың теңге бердім", - деді отандасымыз.

Бұған қатысты компания заңгері пікір білдіріп, 38 адамның ақшасы қайтарылатынын жеткізді.

Алайда олардың кейбіріне жартысы ғана берілген екен.

"Бәрімен жеке-жеке сөйлесеміз. Бәрін талқылаймыз. Келісімшарт негізінде 7.2-пунктіне сәйкес компания шығыны алынады. Ақша қайтарылады. Бірақ толық емес. Көңілі толмағандар сотқа жүгіне алады", - деді  компания заңгері Қайнар Увалиев.

Ал полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазіргі уақытта іспен Алмалы ауданының тәртіп сақшылары айналысып жатыр.

"Азаматтардың арызы соталды бірыңғай тізімінде. Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркеліп, "Алаяқтық" дерегі бойынша қазір тергеушілер істі өз өндірісіне алды. Өндіріс аясында міндетті түрде болған жағдайдың толық мән-жайы анықталады. Кінәлі азамат заң шеңберінде міндетті түрде жауапқа тартылады", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982883-ontustik-koreyaga-viza-beru-almatyda-zeke-kompaniya-alayaqtyq-zasady-degen-kudikke-ilindi/

pixel