Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев, Мамин, Баталов: Астанадағы зәулім мешіттің ашылуына кімдер келді (фото)

Опубликовано:

жаңа мешіт
Нұр-Сұлтандағы жаңа мешіт. Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Бүгін Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің ашылуы болып жатыр. Шараға еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-аккаунтында мәлім етті.

Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт елордадағы Мәңгілік Ел даңғылында ЭКСПО аумағы мен Mega Silk Way ойын-сауық орталығына жақын маңда орналасқан.

жаңа мешіт
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Мешіт аумағы айтарлықтай үлкен, шамамен 10 гектарды құрайды.

Ғимаратқа баратын жолда гүл отырғызылып, орындықтар қойылған, сондай-ақ дәл осы жерден әуенді субұрқақтарды да көруге болады.

жаңа мешіт
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Нұрсұлтан Назарбаев мешіттің ашылуына бүгін таңертең барған.

жаңа мешіт
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко

Atameken Business арнасы Telegram-каналында экс-президенттен бөлек салтанатты шараға Асқар Мамин, Амандық Баталов келгенін мәлімдеп, фото жариялады.

Сондай-ақ, мешіттің ашылу салтанатына Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген дін өкілдері қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982895-nazarbaev-mamin-batalov-astanadagy-zaulim-mesittin-asyluyna-kimder-keldi-foto/

pixel