"Осы мешіттің тасын қаладым": Назарбаев елордадағы мешіттің ашылуында сөз сөйледі
Жарияланған күні:
Елордадағы жаңа мешіттің ашылуына қатысқан Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жиында сөз сөйледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Тұңғыш президент осыдан үш жыл бұрын жаңадан салынып жатқан мешіттің алғашқы тасын қалаған болатын.
"Баршаңызды мешіттің ашылуымен құттықтаймын, осы жылдар ішінде елордада көптеген ғимарат салынды, бірақ бұл мешіттің орны ерекше. Мұнда оқылатын барлық дұға Алланың құлағына шалсын.
2019 жылдың наурыз айында президенттік мерзімім аяқталуға бір күн қалғанда мен осы мешіттің алғашқы тасын қаладым. Сол кезде менің қасымда еліміздің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болды. Алла жар болып, тәуелсіз мемлекетіміз көркейе берсін деп тілейміз. Мен бұны мұсылмандық парызым – отан алдындағы перзенттік парызым деп білемін", - деді тұңғыш президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982902-bul-mesittin-tasyn-men-qaladym-nazarbaev-elordadagy-mesittin-asyluynda-soz-soiledi/