Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да кинолог баланы терезеден құлаудан құтқарып қалды

Опубликовано:

Кинолог баланы терезеден құлаудан құтқарып қалды
Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында инспектор-кинолог үйдің бесінші қабатындағы ашық терезеге шығып алған 5 жасар баланы құлаудан құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Порталдың хабарлауынша, 9 тамыз күні Ұлан аудандық полиция бөлімінің 102 жедел арнасына Қасым Қайсенов кентіндегі Абай алаңындағы үйлердің бірінің терезесінде жас бала тұрғаны туралы қоңырау түскен.

Дабыл бойынша жедел-тергеу тобы дереу мекенжайға жіберіледі. Бірнеше минуттан кейін полицейлер оқиға орнына жеткенде инспектор-кинолог Асыл Беріковтің пәтерге бірінші болып жетіп, баланы аман алып қалғанын көреді.

Кейін белгілі болғандай, Асыл шақыртуды тіркеу кезінде үйдің ауласына жүгіре жөнеліп, кіре беріс есікті ашып, 5-қабатқа көтеріліп, пәтердің есігін қаққан. Есікті 12 жастағы қыз бала ашады, бірақ ол інісінің ашық терезенің алдына шығып алғанын байқамаған. Бөлмеге жүгіріп кірген полицей баланы әңгімеге тартып, терезенің алдынан көтеріп алады.

Жас балалардың ата-аналары осы уақытта сол үйдің астында орналасқан дүкенге кеткен екен. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982924-sqo-da-kinolog-balany-terezeden-qulaudan-qutqaryp-qaldy/

pixel