Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері Қазақстанда қандай ауа райы күтіледі

Опубликовано:

жаңбыр111
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстанда алдағы үш күнде, яғни 13-15 тамыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік облыстарының тұрғындарын температураның біртіндеп төмендеуі күтіп тұр. Метеорологиялық қызмет мамандары түсіндіргендей, бұған солтүстік-батыс антициклонының ықпалы әсер етеді.

Оның екпіні республиканың барлық дерлік аумағына таралса да, батыста ыстық ауа райы сақталады, деп атап өтті синоптиктер. Оған қоса, антициклон республиканың орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріне фронтальды бөліктерді ауыстыратындықтан, сол өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін және екпінді жел соғады.

Синоптиктердің болжауынша, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18 градустан +5+10 градусқа дейін, күндіз +23+30 градустан 18+23 градусқа дейін төмендейді.

Ауа температурасының негізгі бағыты күндіз батыста +32 + 40 градус болса, солтүстік-батыста - +28+38 градус, орталықта - +22+33 градус, шығыста - +20+28 градус, оңтүстікте - +32+42 градус дәрежесінде болады. Ал елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз +22+32 градустан +25+35 градусқа дейін аздап көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982935-demalys-kunderi-qazaqstanda-qandai-aua-raiy-kutiledi/

pixel