Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құтқарушылар Алматыда кәріз люгіне түсіп кеткен итті алып шықты (видео)

Опубликовано:

ит
Видеодан кадр: instagram.com/roso_kazakhstan

Республикалық жедел құтқару тобының құтқарушылары кәріз люгіне түсіп кеткен итті алып шықты. Итке ветеринарлық көмек қажет болмады. Бұл туралы РЖҚТ Instagram парақшасында хабарлады.

РЖҚТ мәліметінше, 12 тамыз күні таңертең Наурызбай ауданында орналасқан базарлардың бірінің күзетшісі кәріз люгіне түсіп қалған итті байқаған.

Ит кәріз қалдықтарының ішінен қалай шығарын білмей, сыртқа барынша тырмысып баққан.

"Оны көрген күзетші құтқарушылардың көмегіне жүгінді, олар дереу оқиға орнына жетті. Келгеннен кейін РЖҚТ қызметкерлері итті багордын көмегімен құтқарды. Ит құтқарушылардың әрекетін түсінбей, оларға қарсы шыққан.

Бірақ құтқарушылар оны шығарып алды. Кинолог итті тексеріп, оған ешқандай зақым келмегенін анықтады. Итке ветеринар көмегі қажет болмады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982972-qutqarusylar-almatyda-kariz-lyugine-tusip-ketken-itti-alyp-syqty-video/

pixel