Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте мектеп түлегі қабылдау комиссиясының қателігінен грантсыз қала жаздады

Опубликовано:

ҰБТ
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте мектеп түлегі қабылдау комиссиясының техникалық қателігінен мемлекеттік білім грантының конкурсынан өте алмай қалған. Мәселе талапкердің ата-анасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне арызданған соң шешілген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министрліктің ресми Telegram-каналының хабарлауынша, мектеп түлегі Жасмин Тастан мемлекеттік білім грантының конкурсына қатысу үшін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне құжат тапсырған.

Қабылдау комиссиясының маманы ҰБТ сертификаттарын таңдау кезінде техникалық қателік жіберіп алған. Осыдан кейін грант иегерлерінің тізімі жарияланғанда баласының оқуға түспегенін білген ата-ана аталған оқу орнының басшылығына, министрлікке арызданған.

"Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері бүгін бұл мәселені назарға алып, шұғыл шешім қабылдады. Министрдің кеңесшісі түлектің ата-анасымен сөйлесіп, кеткен қателік үшін министр мен министрліктің атынан кешірім сұрады. Тез арада техникалық қателік түзетіліп, талапкер Жасмин Тастан Қуанышқызы үшін Сүлеймен Демирел атындағы универиситетке грант бөлінетін болды. Сондай-ақ, ол жатақханамен қамтылады", - делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметі құжат қабылдауда қателік жіберген қабылдау комиссиясының маманына "сөгіс" берілгенін атап өтті.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек аппарат басшыларына және жоғарғы оқу орындары ректорларына талапкерлердің құжаттарын қабылдау барысында мұқият болуды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982980-symkentte-mektep-tulegi-qabyldau-komissiyasynyn-qateliginen-grantsyz-qala-zazdady/

pixel