Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Былтырдан қалған киім": Атырауда көпбалалы отбасыдан шыққан оқушыға өзінен бірнеше есе үлкен форма берген

Жарияланған күні:

Атырауда көпбалалы отбасыдан шыққан балаға үлкен киім берген
Мектеп формасы балаға бірнеше есе үлкен. Коллаж: azh.kz

Атырауда көпбалалы отбасынан шыққан балаға бірнеше есе үлкен мектеп формасын берген. Киімнің кеңдігі сонша, оны қысқартып тігіп беру үшін тігінші 30 мың теңге сұраған, деп хабарлайды Ақ жайық басылымы.

Венера Нұрмолдиданың алты баласының екеуі мектепке барады. Оқушылардың керек-жарағын жинап беру оңай емес, себебі былтырғы жылмен салыстырғанда киім де, аяқ киім де бірнеше есе қымбаттап кеткен. Сондықтан ол үкіметтің көмегін алу үшін қажетті құжат жинаған. 

"Маған былтырдан қалған киім бар деді. Мен ең болмаса тігіншіге апарып, қысқартамын деген оймен алдым. Сөйтсем, ол тым үлкен болды - киімді қайта тігіп беруге 30 мың теңге сұрады. Бірінші сынып оқушысына 10-сыныптың баласы киетін киім бергені масқара ғой", - дейді Венера.

Ол шағымын айтып әкімдікке барған. Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова оның мәселесі оқу жылы басталғанша шешіледі деп уәде берді.

"Бұл отбасыға киімді байқауды ұтып алған мердігер мекеме қызметкерлері берген. Қазір жағдайды анықтап жатырмыз. Алдағы уақытта мұндай мәселе туындамайды. Бұл ата-ана өткен жылғы қажетті өлшемі қалмаған мектеп формасын алғандықтан болды. Формасын ауыстырып береміз", - дейді Дүйсекенова.

Оның айтуынша, бұрын аз қамтылған отбасылардың балаларына дайын мектеп формасы таратылған. Заңдағы соңғы өзгеріске сәйкес , аталған көмек енді ақшалай берілмек. Үкімет ақшалай көмектің мөлшерін бір балаға 37 мың теңгеден бекітті. Биыл бұл көмекті облыстағы 9645 оқушы алады. Ата-ана алған киімнің құжатын, яғни чекті білім беру ұйымдарына тапсыруға міндетті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982999-byltyrdan-qalgan-kiim-atyrauda-kopbalaly-otbasydan-syqqan-oqusyga-ozinen-birnese-ese-ulken-forma-bergen/