Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақавтожол" бас директоры әріптестерін құрылысшылар күнімен құттықтады

Опубликовано:

"Қазақавтожол" құрылысшылар күнімен құттықтады
Көрнекі сурет: pixabay.com

24 жыл тарихы бар "Қазақавтожол" мекемесі көп жылдар бойы еліміздің жол саласы қызметкерлерінің негізгі мектебіне айналды. Бұл туралы мекеме директоры Самат Ғилымов мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті жол саласының ардагерлері, әріптестер мен ұжымдастар!

"Қазақавтожол" мекемесі жылдар бойы еліміздің жол саласы қызметкерлерінің негізгі мектебі болды. Мекеме көптеген білікті мамандарды тәрбиелеп шығарды.

1998 жылдан бастап ""Қазақавтожол бірыңғай техникалық және нормативтік саясатты жүзеге асыру, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жүйесін және оның бойындағы құрылыстарды басқару, жолдардың құрылысы мен жөндеудің барлық түрлерінен тапсырыс берушінің қызметін атқарды.

2000 жылдан бастап республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, көгалдандыру және ағымдағы жөндеу жұмыс өндірісі бойынша бірыңғай мердігер болып белгіленді.

Ал қазір серіктестік республикалық маңызы бар 19 мың шақырымнан аса автожолға қызмет көрсетіп, оны күтіп-ұстау жұмыстарымен айналысты. Құрамында 14 облыстық филиал, 81 жол пайдалану участкесі, 135 жол пайдалану пункті, 5 ағаш отырызу учаскесі бар. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қызмет көрсету үшін мекемеде 4 мыңға жуық адам жұмыс істейтін ең ірі жол компанияларының бірі.

Жол біздерді жақындарымызбен табыстырып, қалалар мен ауылдарды жалғастыруда.

Автомобиль жодарының әлеуметтік міндеттерді шешуде, іргелі ұлттық жобаларды іске асыруда, елбірлігін сақтауда маңызы зор.

Жол желісін күтіп-ұстау мен сақтау, көлік қозғалысының қауіпсіздік мәселелерін шешу, біздердің мойнымызға жүктелген абыройлы міндет.

Атқарып отырған еңбектеріңізге Алғыс айта отырып, Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін. Жолдарыңыз әрқашан ашық болсын. Құрылысшылар күні мерекесі құтты болсын!, - деді “Қазақавтожол” бас директоры Самат Ғилымов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983000-qazaqavtozol-bas-direktory-ariptesterin-qurylyssylar-kunimen-quttyqtady/

pixel