Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде мас ана сегіз айлық баласын көшеде ұмытып кеткен

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбеде жас келіншек сегіз айлық баласын көшеде ұмытып кеткен. Шырқырап жылаған баланы түннің ортасында қала тұрғыны тауып алып, полицияға әкелген деп хабарлайды Астана арнасы.

Куәгерлердің айтуынша, жас ана мас болған көрінеді. Құрбысымен кездесіп әңгімелескен соң, отырған жерінде баласын қалдырып кеткен. Ал полицияға ол басқаша ақталған.

"Ол түнде дүкен іздеп тамақ алуға бара жатқанын айтқан. Баласын жаңағы жерге тастап кеткен", - дейді учаскелік инспектор Қарлығаш Барлықова.

Полиция мәліметінше, әйел-жалғызбасты, тұрақты жұмысы жоқ. Сол маңда пәтер жалдап тұратын көрінеді. Қазір бала "Үміт" сәбилер үйінде.

"Негізі дені сау, емізулі бала.. Енді балаға қарасаң күтім көрген сияқты. Тап-таза, денесінде ешқандай жарақаты жоқ", - дейді сәбилер үйінің аға тәрбиешісі.

Жас ана ертеңіне, есін жиған соң баласын іздеп келіпті. Бірақ сәби анасына беру, бермеу мәселесін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия шешеді.

Б. Рақметова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983005-aqtobede-mas-ana-segiz-ailyq-balasyn-kosede-umytyp-ketken/

pixel