jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

СҚО-да ішімдіктен бас тартқан ауылды білесіз бе

Елді мекен
Фото: pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде жиырма жылдан бері ішімдік ішуге тыйым салынған. Дүкендерінде де арақ-шарап сатылмайды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Теңдік – Солтүстік Қазақстан облысындағы шалғай ауыл. Петропавлмен арасы 200 шақырым.

Ауыл тұрғындарының ішімдіктен бас тартқанына 20 жылдай уақыт болған.

"Ауылда арақ ішпейді. Ондайды бұл ауылда көрмейміз. Ішпей де мерекелердің барлығын ақ тамақпен, мысалы қымызбен қарсы алып, сонымен көңілімізді көтереміз", - дейді елдімекен тұрғыны Ләззат Алпысова.

Алькогольді ішімдік сатуға мұндағы дүкен иелері де қарсы. Ауылда тіптісыра да сатылмайды.

"Ішімдік сатылмайды. Бізде ішімдікке рұқсат бар. Тек біз сатпаймыз. Бізде тек халал", - дейді сатушы Бақытгүл Бекенова.

Полицияның мәліметінше, соңғы 20 жылда Теңдікте бір де-бір қылмыс тіркелмеген. Осы үрдісті өзге ауылдарда да ұстанса, деп тілейді олар.

Дереккөз: КТК телеарнасы

СҚО-да ішімдіктен бас тартқан ауылды білесіз бе

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.