Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында үш жылқының қатысуымен жол апаты болды

Опубликовано:

жол апаты
Оқиға орнынан фото: Polisia.kz

Түркістан облысында үш жылқының қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол көлік оқиғасы 13 тамызда түнде тіркелген.

Түлкібас аудандық полиция бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” тас жолының 611-шақырымында жылқы қағып кеткен.

Салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен түскен.

Көлік ішінде төрт адамның болғаны анықталып отыр. Оның біреуі кәмелет жасына толмаған бала.

"Оқиға орнында үш жылқы өлді. Адам шығыны жоқ, тек көлікке материалдық шығын келген. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, мал иелері іздестірілуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983043-turkistan-oblysynda-us-zylqynyn-qatysuymen-zol-apaty-boldy/

pixel