Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

3 млн теңгенің чегін қолдан жасаған Көкшетау тұрғыны сотталды

Опубликовано:

Чек
Көрнекі фото: pxhere.com

Ақмола облысында 3 млн теңгенің чегін қолдан жасаған тұрғын сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысы полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, Көкшетау қаласының 24 және 31 жастағы тұрғындары 2021 жылдың тамыз айынан қараша айына дейін Красный Яр ауылының азық-түлік дүкендерінің бірінің сатушысын жаңылыстырып, төлемсіз тауар алған.

Олар сауда орнындағы кассирлердің мобильді қосымша арқылы ақша аудару кезінде аудару расталуын көрсетуді талап етпей, тек түбіртектің болуына ғана назар аударатынын байқаған.

Осылайша, клиенттер өнімді таңдап, бағасын нақтылап, сатушыны алдаған. Алаяқтар смартфондағы қосымшаның көмегімен алушының аты-жөні мен сомасын жазып, жалған төлем чегін жасаған.

Ведомство шығын сомасы 3 миллион 62 мың теңгені құрағанын жеткізді.

Көкшетау қалалық сотының үкімімен жергілікті тұрғындар Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983050-3-mln-tengenin-cegin-qoldan-zasagan-koksetau-turgyny-sottaldy/

pixel