Қазақстанның мегаполистерінде 38 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтіліп отыр
Опубликовано:

Бүгін, 15 тамызда Қазақстанның үш ірі қаласы - Алматы, Нұр-Cұлтан және Шымкентте күн ашық болады деп күтіліп отыр. Ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Алматыда бүгін күн қатты ысиды деп болжануда. Термометр +33...+35 градусқа дейін көтеріледі. Одан бөлек, оңтүстік астанада жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғуы мүмкін.
Ал Шымкентте күн Алматыдан да ыстық болады, дейді ауа райын болжаушылар. Термометрдің бағанасы +36...+38 градусқа дейін барады деп күтілуде. Сонымен қатар мегаполисте желдің жылдамдығы 8-13 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.
Синоптиктер мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында ауа райы +20...+22 градусты көрсетеді. Елордада күндіз жел тұрады деп болжанып отыр. Оның жылдамдығы 7-12 м/с дейін барады, дейді мамандар
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983121-qazaqstannyn-megapolisterinde-38-gradusqa-deiin-ystyq-bolady-dep-kutilip-otyr/